Боливияда толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан өзендер арнасынан асты. Алапат, су тасқыны жүрді. Табиғи апат кезінде бірнеше адам жоғалып кеткен. Қазір олар іздестіріліп жатыр. Бұл операцияға тікұшақтар тартылған.
Төпелеп жауған жауын бірнеше тұрғын үйге, сонымен бірге дәнді-дақылдар алқабына зақым келтірді. Тасқын жайлаған шалғай аймақтар сыртқы әлеммен байланысты үзген. Ұлттық ауа райы қызметі су деңгейінің әлі де көтерілуі мүмкін екенін ескертіп отыр.