Байден «Омикронмен» күрес жоспарын жария етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден «Омикронмен» күрес жоспарын жария етті

22.12.2021

АҚШ федералдық үкіметі америкалықтарға ковидті анықтауға арналған 500 млн дана экспресс тесті тегін таратады. Бұл туралы Құрама Штаттар президенті Джо Байден мәлім етті. Бұған қоса, «омикронмен» күрес шарасы аясында ауруханаларға қолдау көрсету үшін әскерилер жұмылдырылмақ.

Ақ үй басшысының сөзінше, елде әзірге локдаун енгізу жоспарланып отырған жоқ. Айта кетсек, АҚШ-та ковидтің «омикрон» түрі өрши түскен. Соңғы деректерге сай, ковидке шалдыққан америкалықтардың 73 пайызынан осы штамм табылған. Билік тұрғындарды өздерін індеттен қорғау үшін вакцина салуға үндеп жатыр.


омикрон Байден

Хабарламаларға жазылу