Нұр-Сұлтанда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің басын қосқан республикалық съез өтуде. «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы мәселелер мен жаңа көзқарас» атты жиынға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысып, ұстаздардың ұсыныстарын тыңдады. Педагог мамандардың айтуынша қазақ тілі мен әдебиеті кеңестік кезеңнен қалған әдіс бойынша құрылымдық тұрғыдан оқытылып келеді. Ал, бүгінге дейін тіл білімін оқыту үшін ғалымдар жасап шықан жобалар мен тиімді әдістемелер білім беру бағдарламасына енбеген. Тілді түсіндіруде граматикалық білім беру ісі де мүлде ескерілмеген.
Нағима Ілиясова, Филология ғылымдарының докторы, профессор:
Ұсынысымыз бастауыш сыныптардағы қазақ тілін біз ана тілі ретінде оқытуымыз керек. Егер ана тілінде оқытатын болсақ әр бір қазақтың баласының бойына ұлттық сана сезімін оятамыз,+03 06 әуелі ана тілі ретінде сіңіріп, одан кейін ұлттық тіл ретінде, одан кейін мемлекеттік тіл ретінде оқытатын болсақ қазақ тілі өзінің биік тұғырына отыратыны сөзсіз.