Алтынға деген сұраныс артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтынға деген сұраныс артты

21.12.2021

Ал алтынға деген сұраныс артып барады. Өткен айда ел азаматтары екінші деңгейлі банктерден үш жарым мыңға жуық алтын құймасын сатып алған. Бұл қазанмен салыстырғанда 600 құймаға көп. Өйткені бағалы металдың құны қымбаттап барады. Қазір бір унциясы мың сезгіз жүз доллар. Көбі активін сақтау үшін осылай инвестиция жасауға көшкен. Оның үстіне бұған дейін теңгенің құнсыздануы мүмкін екенін айтқан сарапшылар бағалы металға инвестиция жасауға кеңес берген еді. Әрі теңгені үш түрлі валютада сақтау қажеттігін айтқан.


Хабарламаларға жазылу