Қызылордада ең үлкен шелпек пісірілді (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада ең үлкен шелпек пісірілді (ФОТО)

17.03.2014
Қызылордада ең үлкен шелпек пісірілді (ФОТО)
Наурыз мерекесі алдында Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында ең үлкен жеті шелпек пісірілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
Сыр жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Әр аймақта мерекеге байланысты түрлі іс-шара өткізілуде. Сондай шаралардың бірі - Жаңаталап ауылында өтті.
 
Әдеттегідей, наурыз думанын бастаған жарапазаншылар тобы ауыл ортасындағы бас алаңға жеткенше жол бойына жар салып, халықты тойға шақырды. Шара барысында ауыл тұрғындары күлше мен наурыз көже пісіруден жарыс өткізді.  Қазақы салт-дәстүрлерден көрініс көрсетіп, бұрымды қыз, бата беру сайыстарында бақ сынады.
 
Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Қанбаевтың айтуынша, диаметрі 1 метрге жететін ең үлкен шелпек халыққа таратылды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Хабарламаларға жазылу