Ердоғанның долларға қарсы мәлімдемесінен кейін лира қайта күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоғанның долларға қарсы мәлімдемесінен кейін лира қайта күшейді

21.12.2021

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған ұлттық валютада депозиті бар азаматтарды қолдап, бірнеше айда инфляцияны төмендетуге уәде берді. Осы мәлімдемеден кейін түрік лирасы бірден 10 пайызға күшейді. Республикасы лидерінің сөзінше, бұл шаралар қарапайым тұрғындардың мойнына түскен ауыртпашылықты жеңілдету үшін қолға алынып отыр.

Айта кетсек, соңғы бір айда Түркия ақшасы 35 пайызға арзандады. Ал, келесі жылы инфляция 30 пайызға жетеді деген болжам бар.

Елде мұндай жағдайдың қалыптасуына Ердоғанның пайыздық мөлшерлемені төмендетіп, экспортты күшейту саясаты себепші. Дегенмен кейбір сарапшылардың ойынша, лираның нығаюына «омикронның» тарауына байланысты әлемнің қаржы нарығында долларға төнген әлсіреу қаупі де әсер етсе керек.

Арыстан Рысбек


Ердоған лира

Хабарламаларға жазылу