«Тілім менің - тінім менің» атты кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тілім менің - тінім менің» атты кітап жарық көрді

17.03.2014
«Тілім менің - тінім менің» атты кітап жарық көрді
«Тілім менің - тінім менің» атты кітап қалың оқырманға жол тартты. Бүгін ҚР ҰҒА академигі Мырзатай Серғалиевтің кітабының тұсауы кесілді. Жинақта ғалымның мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары топтастырылған.
 
Кітаптағы материалдар төрт бөлімнен тұрады. Олар: мемлекеттік тіл мәселелері, тіл мәдениеті және терминология, қазақ тілін зерттеушілер, шағын пікірлер.
Оқулық 4 мың данамен шықты. Мырзатай Серғалиев соңында өлмес мұра қалдырды. Оның ісін енді шәкірттері жалғастыруда.
 
Әлісжан Сарқытқалымұлы, Назарбаев университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы:
Академик ағамыз кезінде тіл мәдениетіне өте көп көңіл бөлген. Ол кісінің монографиясы «Синтаксистік синонимдер» деп аталады. Бұл тілдегі әртүрлі бір-біріне мағыналас қолданылатын конструкцияларды зерттеу деген сөз. Бұл болашақ тіл мамандары, журналистер үшін, жалпы көпшілік үшін аса пайдалы деп есептейміз.
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу