Алматыда жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды

20.12.2021

Алматыда жол жүру ережесін өрескел бұзған қоғамдық көлік жүргізушісі жауапқа тартылды. №71 бағыттағы автобус басқа автобусты басып озу үшін жол ережесін бұзып, артынша оның жолын бөгеп тастайды. Оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. Тәртіп бұзған 59 жастағы жүргізуші екені анықталды. Ол әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Алматыда жол ережесін елемеген тағы бір әйел жазаланды. Ол өзін полиция қызметкерімін деп, өз жолында тұрған басқа көлік жүргізушісін өткізбей қойған. Ерегістің соңы жақсылыққа апармады. Алматы қалалық полиция департаменті жүргізушінің жеке басын анықтап, жауапқа тартты. Жүргізуші көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасағаны үшін жауапқа тартылады. 

Хабарламаларға жазылу