Қырғыз Республикасына Түркиядан «Байрақтар» дрондары жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз Республикасына Түркиядан «Байрақтар» дрондары жеткізілді

20.12.2021

Қырғыз Республикасына Түркиядан пилотсыз ұшатын аппараттар жеткізілді. Бұл туралы мемлекет басшысы Садыр Жапаровтың баспасөз қызметі хабарлады. Айтуынша, «Байрақтар» дрондары толығымен республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа сатып алынған. Бұған қоса, дрондар елдің қорғаныс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның ішінде мемлекеттік шекараны қорғауға пайдаланылмақ. Әзірге бұл құрылғылардың саны және олар қанша сомаға сатып алынғаны мәлім етілген жоқ.

Арай Төлегенқызы




Қырғыз Республикасы Түркия

Хабарламаларға жазылу