Зейнетақы қорындағы жеткілікті шек сәуір айына дейін сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы қорындағы жеткілікті шек сәуір айына дейін сақталады

15.12.2021

Десе де сәуір айына дейін қазіргі жеткілікті шек сақталатыны белгілі. Одан кейін мына жаңа ереже күшіне енеді. Сол кезде қордағы қаржысын пайдалана алатындар саны 600 мыңнан 150 мыңға азаяды. Олардың көбі 60 жастан асқандар екен. Сондай-ақ бүгін қор төрағасы ақшаны пайдалануға берілетін мерзімнің 45 тен 20 күнге қысқаруына қатысты түсінік берді. Айтуынша қаржы отбасы банкіндегі арнайы шотқа аударылып құр жатса, инвестициялық табыс әкелмейді екен. Сол үшін мерзім 20 күнге қысқарып отыр. Бұл уақыт та артығымен жеткілікті дейді ол.


Хабарламаларға жазылу