Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздік тағылымы» атты республикалық ғылыми конференция өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздік тағылымы» атты республикалық ғылыми конференция өтуде

15.12.2021

Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздік тағылымы» атты республикалық ғылыми конференция өтуде. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген педогог мамандар өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты шығармашылық байқаудың жеңімпаздары анықталды. Жыл басында жарияланған жарысқа 330 жұмыс келіп түскен. Мазмұны мен көтерген мәселесіне сай 120 шығарма таңдалып алынды. Ол үздік шығармалар жинақталып, кітапқа басылмақ.

Әзірет Сатылғанов, «Білім-өркениет» инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

Кеше Президентіміз өз мақаласында жазып кеткендей Тәуелсіздік бәрінен қымбат деп, Осы Алаш зиялыларынан қандай тәлім-тәрбие аламыз. Сол жолда ұрпақты қалай тәрбиелей аламыз, бүгінгі күні тәуелсіздіктің қадірін жас ұрпаққа қалай ұғындары аламыз, осы мәселелерді біз негізгі критерий етіп алдық.


Хабарламаларға жазылу