«Ауыл» партиясы бірқатар азаматтарға мерекелік сый-сияпат жасап, наградалар табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» партиясы бірқатар азаматтарға мерекелік сый-сияпат жасап, наградалар табыстады

15.12.2021

«Ауыл» партиясы еліміздің дамуына сүбелі үлек қосқан азаматтарға мерекелік сый-сияпат жасап, наградалар табыстады. Олардың арасында аз қамтылған отбасыларға, қарттар мен баспанаға мұқтаж адамдарға жанашыр болып қолдау көрсеткен белсенділер бар. Олар еліміздің бірқатар аймақтарында азық-түлік себеттерін үлестіріп, халыққа ауызсу құбырлары мен жарық жүргізіп көмектескен адамдар. Әсіресе, биылғы қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға жер бөліп, шөп шабуға мүмкіндік берген еңбек озаттары жоғары ықыласқа бөленді. Олар «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Жарқынбек Бөлендин, «Бақдәулет» шаруа қожалығының директоры:

Бүгінгі күні мысалы үшін фермеріміз ме дейміз, болмаса мал шаруашылығымен айналысып жатырмыз ба, сол еңбек етіп жатқан азаматтарға, солардың арқасында келеміз. Өніміміз де солардың арқасы. Біз өзі мынау ел мен жердің арасындағы бір посредник сияқты адамбыз. Жерге беретінімізді береміз, сұрағанын береміз. Алланың беруімен қалағанымызды алып, сосын соны халыққа тамақ беретін адамбыз.


Хабарламаларға жазылу