Бразилияның ең ірі штаты Баияда дамылсыз нөсер соңы алапат тасқынға ұласты. Табиғи апаттан 11 адам қаза тапқан. 267 тұрғын жараланды. 20 мыңнан астам тұрғын өз үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болған. Штаттың 51 қаласында төтенше жағдай жарияланды. Өткен аптадан бері толастамай жауған жауыннан өзендер арнасынан тасығанда, көшелерді, жолдарды су шайып, үйлер қирады. 7 мыңға жуық адам баспанасыз қалған. Бразилия үкіметі табиғи апаттан жапа шеккендерге қаржылай көмек беретінін мәлімдеді. Ал жауынның осыншама мол жаууына Атлант мұхитында пайда болған субтропикалық циклон ықпал етсе керек.