«Қазақстан» телерадиокорпорациясы әнұранға бейнебаян түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы әнұранға бейнебаян түсірді

14.12.2021

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мемлекеттік Әнұранға бейнебаян түсірді. 3 мың адамның қатысуымен жүзеге асқан жобаның мақсаты –патриоттық сезімді көтеру, ел мен жерге сүйіспеншілікті арттыру. Бейнебаянға шекарашылар, Ұлттық Ұланның сарбаздары, опера және балет театры мен филармонияның әртістері, корпорация қызметкерлері, өңірдегі жастар мен қарапайым тұрғындар қатысты. Түсірілім Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Түркістан қаласында жүргізілді. Әнұранды тұрғындармен бірге опера және эстрада әншілері орындады. Бейнебаянға АҚШ, Түркия, Ресей мен Қытайда қызмет етіп және білім алып жүрген ел азаматтары мен қандастар топтастырылды. Бейнебаян Корпорацияға қарасты «Qazaqstan», «Abai tv», «Balapan», «Qazsport» телеарналары мен 14 аймақтық арна эфирінен 15 желтоқсаннан бастап күн сайын көрсетіледі.



Хабарламаларға жазылу