16 желтоқсаннан бастап тұрғындар зейнетақы қорындағы қаржысын «Отбасы» банкіне аудара алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 желтоқсаннан бастап тұрғындар зейнетақы қорындағы қаржысын «Отбасы» банкіне аудара алады

14.12.2021

Зейнетақы қорындағы ақшаңызды 16 желтоқсаннан бастап Отбасы банкіндегі депозитке аудара аласыз. Банк өкілдерінің айтуына қарай, құжатқа өзгеріс енгізілген. Осы аптадан бастап порталда «есепшотқа жинақты аудару» батырмасы пайда болады. Алдымен цифрлық қолтаңбаның көмегімен, сайттағы жеке кабинетке кіріп, депозит бар-жоғын анықтап алу керек. Егер арнайы шот болмаған жағдайда, онлайн өтініш беруге болады. Кейін зейнетақы қорынан ақша алу туралы өтініш 5 күнде қаралып, Отбасы банкіндегі есепшотыңызға түседі. Елде 190 мың отбасының қордағы артық ақшасын үй сатып алу үшін депозитке аударуға мүмкіндігі бар.


Хабарламаларға жазылу