Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Үкімет басшысы еліміздің 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Сондай-ақ, сыртқы сауда айналымының көрсеткіштерімен таныстырды. Премьер-Министрдің мәліметіне сәйкес сыртқы сауда көлемі 82,2 миллиард долларды құрады. Бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 14,1 пайыз артық. Бұдан бөлек, мемлекет басшысына азық-түліктің бағасын тұрақтандыру, халыққа вакцина салу, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асыру жөнінде баяндалды.