«ҚазАқпараттың» қытай тіліндегі нұсқасы жұмыс істей бастады (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАқпараттың» қытай тіліндегі нұсқасы жұмыс істей бастады (толығырақ)

14.03.2014
«ҚазАқпараттың» қытай тіліндегі нұсқасы жұмыс істей бастады (толығырақ)

Бұдан былай Қытайдағы қандастарымыз еліміздің тыныс-тіршілігі мен маңызды саяси жаңалықтарынан үнемі хабардар бола алады. «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі енді қытай тілінде ақпар таратады. Бүгін жобаның тұсаукесер рәсімі өтті.

 
Бұл - 90 жылдық тарихы бар «ҚазАқпарат» порталының қытай тіліндегі нұсқасы. Мұнда қазір 1000-ға жуық материал орналастырылған. Сондай-ақ, «Саясат», «Қоғам», «Спорт» және «Мәдениет» айдарлары ашылған.
 
Ризабек Нүсіпбекұлы, «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің шеф-редакторы:
«Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Елбасы Жолдауы аударылды.
 
Сондай-ақ, бүгінде 600 миллионнан астам интернет пайдаланушысы бар қытайлықтар осы сайт арқылы еліміздің рәміздері мен облыстары жөнінде қажетті ақпарат ала алады.
 
Ля Юйчен, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі:
Рас, біздің елімізде Қазақстанның қандай мемлекет екенін білмейтін жандар да бар. Мына жобаның қолға алынуы Қытай халқының қазақ елі туралы танымын кеңейте түспек.
 
«ҚазАқпарат» агенттігінің бұл жаңалығын естігенде, Қытайдағы қандастарымыз да қуанды. Бізбен интернет арқылы байланысқа шыққан Дауыл Ғаділбек енді Қазақстан туралы ақпаратты түрлі сайттардан іздеп, сергелдеңге салынбаймын, дейді.
 
Бұл нұсқаның ашылуы Қазақ елі мен Қытай арасын тағы да жақындастыра түседі. Ал, көрші елдегі қандастарымыз үшін  бұл еліміздің тыныс-тіршілігін бүкпе-боямасыз жеткізетін сенімді ақпарат көзі болмақ.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу