Жалған транзитпен Қазақстанға тауар импорттағандар елге 26 млрд теңге шығын келтірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған транзитпен Қазақстанға тауар импорттағандар елге 26 млрд теңге шығын келтірген

13.12.2021

Жалған транзитпен Қазақстанға тауар импорттағандар елге 26 млрд теңге шығын келтірген. Кірістер комитетінің хабарлауынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен шекарадан өткен тасымалдаушылар «тауарды үшінші елге жеткіземіз» деген желеумен ел аумағында қалып қойған. Комитет өкілдерінің айтуына қарай кәсіпкер елге импорттаған тауары үшін 12 пайыз қосылған құн салығын төлеуге міндетті. Алайда биылдың өзінде олар 177 млн теңге салықтан жалтарған. Бақылау күшейіп, навигациялық пломбалар қойылған соң жалған транзитпен жүретіндер 27 пайызға азайған. Мемлекет бюджетіне 5 млрд теңгеге жуық салық түскен.


Хабарламаларға жазылу