Нұр-Сұлтан қаласында ғарыш айлағын дамыту талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында ғарыш айлағын дамыту талқыланды

13.12.2021

«Байқоңыр» кешені бойынша VII Үкіметаралық комиссияның жұмысы қорытындыланды. Жиынға екі ел вице-премьерлері төрағалық етті. Роман Скляр мен Юрий Борисов ынтымақтастық аясында қаланың тұрмыс-тіршілігін жақсарту бағыттарын да талқылады. Сондай-ақ, аймақтың және ғарыш айлағының экологиялық қауіпсіздігін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Кешеннің пайдаланылмай тұрған нысандарын жалға беруден шығарып, оны кәдеге жарату жайы да көтерілді.

Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Біздің ортақ міндет – Байқоңыр қаласының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Өзекті мәселелер туындаса, уақытылы шешімін табу. Ал «Байқоңыр» кешенін әрі қарай дамытуға келсек, тұжырым аясында туризмді түлетуге келістік. Бұл бағытта жеке инвесторларды тартып жатырмыз. Біздің сарапшылар күн тәртібіндегі сұрақтарды толық қарап шықты және өзара пайдалы шешімдерін де атады.

Юрий Борисов, РФ Премьер-Министрінің орынбасары:

Әлемдегі қиын эпид жағдайға қарамастан, ғарыш айлағын пайдалану тұрғысындағы өзара іс-қимылымыз бір сәтке де үзілген емес. Бұл мемлекет және Үкімет басшыларының тапсырмаларын сапалы орындауға мүмкіндік берді. Отырыста қабылданған шешімдер нәтижесінде кешенді бірлесе пайдаланудың тиімділігі артады деп сенемін.


Хабарламаларға жазылу