Бүгін Балтық теңізіндегі Швеция территориялық суларында екі жүк кемесі соқтығысты. Апат болған жерге дереу құтқарушылар қайығы жетті. Кемелердің бірі Данияда, екіншісі Ұлыбританияда тіркелген екен.
Швед телекомпаниялары хабарлағандай, олардың бірінің ұзындығы - 90, екіншісінікі - 55 метр. Су көліктерінің неліктен жолы болмағаны әзірге хабарланбай отыр.
Арыстан Рысбек