Ақтөбелік тұрғындарға жарамсыз картоп сатылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік тұрғындарға жарамсыз картоп сатылған

13.12.2021

Ақтөбедегі тұрақтандыру қорында сақталған жарамсыз картоп тұрғындарға сатылған. Бірнеше апта бұрын ақтөбеліктер дүкен сөрелерінде әлеуметтік бағамен сатылып жатқан өнімнің тұтынуға келмейтінін айтып шағымданған еді. Тұрақтандыру қорындағы картопты сатып алуға 79 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Облыс басшылығы бұл келеңсіздікке кімнің кінәлі екенін анықтап жатырмыз дейді.

Оңдасын Оразалин, облыс әкімі:

Сапалы өнім жеткізуі тиіс қызметкерлер,өкінішке қарай, өз міндеттерін атқара алмады. Қазір оған кім кінәлі екенін анықтап жатырмыз. Жауаптылар бір-біріне сілтеп отыр. Тексеріс біткен соң олардың қандай жауапкершілікке тартылатынын анықтаймыз.


Ақтөбе

Хабарламаларға жазылу