Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ өкілдерін марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ өкілдерін марапаттады

13.12.2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ өкілдерін марапаттады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БАҚ өкілдеріне марапаттар табыстады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлері - «Шалқар» радиосының жүргізуші-редакторы Сәрсенғали Жүзбаев «Құрмет» орденімен, Басқарма Төрайымының орынбасары Мақпал Жұмабай «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.



Басқарма Төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары Дана Ахметоваға, «Qazaqstan» телеарнасы Жедел және саяси жобалар бөлімінің бастығы Қайрат Мұсақұловқа «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі табысталды.



«Qazaqstan» ҰТА ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының шеф-редакторы Базаркүл Отыншиева «Халық алғысы» медалімен, «Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков, «Qazaqstan» телеарнасының таңғы бағдарламалар дирекциясының жетекшісі Аргентина Жәнібек «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.




Мерейтойға орай Қазақ радиосының ардагері Сауық Жақановаға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.



Қазақстан БАҚ өкілдері Тәуелсіздіктің 30 жылдығы

Хабарламаларға жазылу