Алдағы мерекелерге орай азық-түлік бағалары қатаң бақылауға алынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы мерекелерге орай азық-түлік бағалары қатаң бақылауға алынып жатыр

10.12.2021

Ал алдағы мерекелерге орай азық-түлік бағалары қатаң бақылауға алынып жатыр. Мәселен, бас қалада негізсіз қымбатшылыққа жол бермеу үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жүр. Оның құрамына монополияға қарсы және тұтынушылардың құқығын қорғау мекемесінің қызметкерлері мен экономикалық тергеушілер кіреді. Олар тауар сөреге жеткенше баға қалай қосылғанын толық тексермек. Қазір құнды негізсіз өсіру бойынша ондаған дерек анықталған. Оларға қандай шара қолданылатыны комиссия отырысында айтылмақ.


Хабарламаларға жазылу