Зейнетақы қорындағы өзгерістер баспана бағасына әсер етуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы қорындағы өзгерістер баспана бағасына әсер етуі мүмкін

10.12.2021

Зейнетақы қорындағы қаржыны «Отбасы банкіне»  аудару, баспана бағасын тағы қымбаттатып жіберуі мүмкін. Кей сарапшылар осындай болжам жасап жатыр. Баға қазір де көтеріліп келеді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше шаршы метр құны өткен айда 1,1 пайызға өскен. Ал жаңа үйлердің бағасы 0,6 процентке көтірлді. Шаршы метр үшін орташа баға 355 мың. Жылжымайтын мүлікті жалдау ақысы да 1,3 пайызға өсіп отыр. Ал жыл басынан бергі көрсеткішті айтсақ, жаңа үй 11,5; қолданыста болғандар 23; жалдау ақысы 13 процентке көтерілген. 

Хабарламаларға жазылу