Украинаның шығысында атысты тоқтату туралы жаңа келісім жасалмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның шығысында атысты тоқтату туралы жаңа келісім жасалмады

10.12.2021

Украина мен Ресей Донбасста жаңа ымыра жасау әрекеті сәтсіздікке ұшырағаны үшін бір-бірін айыптап отыр. Ресми Киевке сенсек, Мәскеу тұтқын алмасу, өткізу пунктерін қайта ашу және ортақ байланыс орталығын құру туралы ұсыныстарды қабыл алмаған. Ал Кремль Украина үкіметін «ақылға қонымсыз» ұсыныс жасады деп кінәлап отыр.

Ресейшіл сепаратистер болса, аймақта соғыстың тоқтайтынына үміттің жоғалғанын айтады. Ал тараптардың атысты доғару жайлы кезекті келіссөздерді қашан бастайтыны әзірге белгісіз.

Кейбір бақылаушылардың ойынша, мұндағы ахуал Ресей әскері Украинаның шығыс шекарасы маңына мыңдап шоғырланғандықтан шиеленісіп барады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу