Индонезия астанасы Джакартаны топан су басып жатыр. Сондықтан алып мегаполистің жағалаудағы аудандарының көшелері өзенге айналып, жергілікті тұрғындар тізеден су кешіп жүр.
Джакарта Аймақтық апаттармен күрес агенттігінің мәлімдеуінше, бұл тасқынға теңіздегі толқындардың көтерілуі мен қолайсыз ауа райы себепші.
Метеорологтар ескерткендей, қаланы әлі де тасқын жайлауы мүмкін. Өйткені өңірде жауын құятын және толқындар тулайтын маусым өзінің шарықтау шегіне 2022 жылдың ақпан айында жетеді екен.
Арыстан Рысбек