Қостанайда қолданыстан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдейтін кәсіпорын ашылды. Үкімет басшысы Асқар Мамин жаңа өндірістің ашылуына қатысты. Бұл - Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда баламасы жоқ кешен.
Жоба ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға мүмкіндік береді. Жылына 4 мыңға дейін арготехниканы құрау жоспарланып отыр. Премьер-министр өңірдегі басқа да бірқатар маңызды жобалармен танысты. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күніне орай әр салада еңбек етіп жүрген қызметкерлерге мемлекеттік наградаларды табыстады.