BRENT маркалы мұнай 76 доллардан саудаланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

BRENT маркалы мұнай 76 доллардан саудаланып жатыр

09.12.2021

ОПЕК+ елдерінің шикізат өндірісіне қатысты шешімінен соң мұнай бағасы тұрақты өсіп жатыр. Тараптар қара алтын өндіру көлемін өзгертпей, тәулігіне 400 баррельге арттыруға келіскен. Бағаның өсуіне коронавирустың жаңа штамына қатысты мәлімдеме де әсер еткен. Мамандардың сөзінше, вакциналар «Омикронға» қарсы тұра алады. Жаңа штаммның салдары әлемдік экономикаға қатты соққы бермейді. Қазір мұнай 76 доллардан саудаланып жатыр. Бұл теңгенің нығаюына әсер етті. KASE-де 1 доллар 433 теңге 39 тиынға теңесті. 

Хабарламаларға жазылу