Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жаңа өндіріс орнының ашылуына қатысты. Аймақтағы белсенді тұрғындарға мемлекеттік наградалар табыстады.
Ақмола облысында тәуелсіздік жылдары жалпы өнім көлемі 12 есеге өсті. Еліміз бойынша астық жинайтын комбайндардың 70%-ға жуығы осы аймақта шығады. Одан бөлек тракторлардың 43%, арнайы техникалардың 47%-дан астамын облыстағы еңбек ұжымдары шығарады. Аграрлы аймақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызды рөл атқарады. Облыс ауыл шаруашылығының үлесі бойынша 5-ші орында тұр.
Игорь Пугачев, серіктестік басшысы:
Біздің өндіріс тәуелсіздікпен құрдас. 1991жылы ашылдық. Отыз жылда біздің ең ұжым шағын цехтан аяғынан нық тұрған кәсіпорынға айналды. Бүгінде егістік көлемі 17 мың гектарға жетті. Мемлекеттің жасап отырған қамқорлығының арқасында біз секілді кәсіпкерлер көптеген жетістіктерге жетуде.
Үкімет басшысы тәуелсіздік күніне тарту ретінде Ақмола облысының тұрғындарына мемлекеттік наградалар тапсырды. Олардың арасында агросала мамандары , денсаулық сақтау және спорт саласының қызметкерлері бар.
Мырзабай Әбдіхалыков, серіктестік басшысы:
Мына отыз жылдықтың бізге бергені өте көп, мен өзім жетекшілік ететін компания қазақстанда ғана емес, дүние жүзіндегі кірпіш шығару саласында жоғарғы Деңгейдегі кәсіпорын
Үкімет басшысы керамикалық кірпіш шығару жобасының II кезеңінің ашылу рәсіміне де қатысты. Кәсіпорынның қуаты жылына 30 млн дана кірпіш шығаруға лайықталған. 2010 жылы пайдалануға берілген кірпіш зауытының жалпы қуаты жылына 90 млн данаға жетті.
Владимир Билан, Компания президенті:
Бүгін жаңа зауыттың ашылуына куә болып отырмыз, зауыттың құрылысын отандық компаниялар жасап шықты. зауытқа қажетті жабдықтардың барлығын өзіміз орнаттық, мемлекет инвестиция тарту арқылы осындай өндірістердің ашылуына сеп болуда. ал, ол өндірістер өңірдің экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Премьер-Министр Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі «Тәуелсіздіктің 30 жылы» жаңа залына барды. Сондай-ақ, облыс орталығындағы «Bolashaq sarai» орталығы мен «Көкшетау» мәдениет сарайының жұмысымен танысты.
Сәбит Әлдебай