Түрік қауіпсіздік күштері ел аумағында рейд жүргізіп, «Даиш» террористік тобымен байланыстағы 33 күдіктіні қолға түсірді.
Олардың барлығы – шетелдіктер. Бірақ, қай елдің азаматтары екені әзірге белгісіз.
Ұстау операциялары негізінен Ыстанбұл мен Анкарада ұйымдастырылып, сандық материалдар мен түрлі құжаттар тәркіленді.
Түркия алғашқылардың бірі болып, «Даишты» лаңкестік топтар тізіміне енгізді. Содан кейін радикалдық ұйым бұл мемлекетте бомбалық және қарулы шабуылдар жасап, жүздеген адамды мерт қылды.