Ал жанармай тағы қымбаттап жатыр. Жұрт көп тұтынатын АЙ-92-нің бағасы төрт теңгеге көтерілген.
Мәселен Алматыда екі апта бұрын 176-179 теңге болған бензин қазір 181 теңге тұрады . Баға барлық өңірде дерлік қымбаттаған. Ал АЙ-95 бен 98-дің құны алты теңгеге өсті. Олардың литрі 206 және 228 теңгеден сатылып жатыр. Бұған дейін сарапшылар жанармай келер жылы қымбаттайтынын айтқан еді. Тіпті баға Ресейдегімен теңеседі деп болжаған болатын.