Депутаттар несие рақымшылығын жасауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар несие рақымшылығын жасауды ұсынды

08.12.2021

Елімізде несие рақымшылығы болуы мүмкін. Бүгін мәжіліс депутаттары ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, қарызға батқан адамдарға рақымшылық жасауды ұсынып, вице-премьер Әлихан Смайыловқа сауал жолдады. Өйткені жұрттың банк алдындағы берешегі күн сайын өсіп барады. Халықтың 27 пайызында несие бар. Ипотекалық қарыз 3 триллиондай, ал тұтынушылық несие 5 триллион теңгеден астам. Ал мерзімі өткен берешек 199 миллиард теңге. Депутат осы қарызын кешіктіріп төлей алмай жүргендерге рақымшылық жасау керек дейді. Әрі жеке тұлғалардың банкроттығы туралы тағы мәселе көтерді.

Азамат Әбілдаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Елімізде заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң бұрыннан жұмыс істеп келеді. Бірақ жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жоқ. Бұған дейін де жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы керек деп жүргенде 10 жылдай болды. Бұл бастаманы сол кездегі қаржы министрлігі іліп әкеткенімен, әлі күнге дейін үнсыз болып, Үкіметтен қолдау таппай отырмыз.


Хабарламаларға жазылу