«Жалын құшқан Жанна д Арк» драмасы қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жалын құшқан Жанна д Арк» драмасы қойылды

13.03.2014
«Жалын құшқан Жанна д Арк» драмасы қойылды

Француздың батыр қызы Жанна д Арк - қазақ сахнасында. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры «Жалын жұтқан Жанна д Арк» туындысын көрерменнің назарына ұсынды.

 
Драма қолына қару ұстаған өрімдей қыздың трагедиялық тағдыры мен ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігі туралы. Батыр қыздың бейнесін театр актрисалары - Айнұр Бермұхамбетова мен Сая Тоқманғалиева сомдады.
Мақсат - Жанна д Арктың ерлігі мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін көрерменге жеткізіп, бүкіл адамзатқа патриоттықты үлгі ету.
 
Әлімбек Оразбеков, қоюшы-режиссер:
Кіп-кішкентай қыздың өзінің елі үшін, жері үшін бас көтеруі. Бұл драма патриоттық сезімді оятады. Жалпы, осындай дүниелер көп қойылып отырса, бұл өзімізге де, әртістерімізге де жақсы.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу