Ақмола облысында екпе салдыру көрсеткіші төмен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында екпе салдыру көрсеткіші төмен

08.12.2021

Ақмола облысы бір айдан бері «сары» аймақта болғанымен, 6 аудан мен Көкшетау қаласы әлі де «қызыл» аймақта қалып отыр. Өткен тәулікте 65 адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Оның 11-і - оқушы.

Қазір облыста 42 мектептегі 67 сынып қашықтан оқуға ауысқан. 1315 жасөспірім «Pfizer» вакцинасының 1-інші бөлігін алды. Облыста екпе салдыру көрсеткіші төмен. Вакцина алуы керек тұрғындардың 60 пайызы ғана қос компонентті салдыртқан. 1- бөлігін алғандар 66 пайыз шамасында. Бұл облыс тұрғындарының жартысына да жетпейді.

Айнагүл Мусина, Ақмола облысы Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы:

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарында 350 адам ем қабылдауда. 33 науқастың жағдайы ауыр. Олардың тек біреуі ғана вакцинаның 1-бөлігін алған. Ал қалғандары мүлдем екпе салдырмағандар. Сондықтан вакцина алу маңызды екенін тағы да еске саламын.

Ермек Елберген


Ақмола екпе

Хабарламаларға жазылу