Австралия АҚШ-пен бірге Бейжің Қысқы Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялады. Яғни, бұл екі мемлекет ақ Ойындарға делегат жібермейді.
Мұны бүгін осы елдің премьер-министрі Скотт Мориссон мәлімдеді. Оның сөзінше, Канберра мұндай шешімді Шыңжаңда мұсылмандардың құқығы бұзылғаны үшін және Қытай австралиялық тауарларды импорттауға тосқауыл қойды деген себеппен қабылдап отыр. Бейжің болса, тағылған кінәларды жоққа шығарып, АҚШ-тың бойкот үшін «құн төлейтінін» және оған қарымта жауап қайтаратынын ескертті.
Айта кетсек, қысқы Ойындар 2022 жылы ақпанның 4-де басталып, 20-да аяқталады. Оған Ұлыбритания үкіметі аз ғана өкіл жіберу, ал Жапония министрлер кабинеті ешқандай делегат аттандырмау мәселесін қарастырып жатыр.
Арыстан Рысбек