Алдағы он күнде «Омикрон» Ұлыбританияда «Дельтаны» басып озып, үстем штамға айналуы мүмкін. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі вакциналардың коронавирустың жаңа түріне қарсы тұра алатынын айтады. Мұндай мәлімдемені осы агенттіктің төтенше істер жөніндегі директоры Майк Райан Женевада мәлімдеді.
«Біздегі екпелердің тиімділігі жоғары. Олар бүгінге дейін барлық штаммен күресе алатынын дәлелдеді. «Омикромен» де солай болмайды деуге ешқандай себеп жоқ», - дейді Райан мырза.
Арыстан Рысбек