Шығыс Қазақстанда шаруашылықтың 280 тонна шөбі жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда шаруашылықтың 280 тонна шөбі жанып кетті

08.12.2021

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы шаруашылықтардың бірінде 280 тонна шөп жанып кетті. Өрт сөндірушілер жеткенше қызыл жалын тез тарап, 800 орам мал азығы күлге айналған. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. «Қасақана от қойылуы мүмкін» деген болжам да бар. Жергілікті әкімшілік болса, өңірдегі кәсіпкерлерді қыс ортасында мал азығынсыз қалған шаруашылыққа көмек қолын созуға шақырып жатыр.

Бұған дейін Тарбағатай ауданы Екпін ауылындағы шаруа қожалығы 175 тонна шөбінен айрылып қалды. Түнде басталған өрт таңғы сағат 08:00-де өшірілді. Өңірде өрт қауіпсіздігін сақтамағандықтан, Үржар, Көкпекті, Жарма, Аягөз, Бесқарағай және Күршім ауданындағы шаруалардың да шөбі түк қалмай жанып кеткен. Жалпы, аймақта жыл басынан 2 мың тоннадан астам шөп өртенген.

Ержан Жақып


Шығыс Қазақстан Жарма шөп

Хабарламаларға жазылу