«Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық конкурсы мәреге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық конкурсы мәреге жетті

07.12.2021

Нұр-Сұлтанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы «Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық конкурсы мәреге жетті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өткен шығармашылық байқауға еліміз бен алыс жақын шетелдерден жүзге жуық өтініш келіп түскен. Үздік деп танылған шығарма авторлары 5 номинация бойынша марапатталды. Үздік шетелдік басылым номинациясы бойынша бірінші орынды түркиялық журналист Мухаммад Рузубай жеңіп алды. Ал ең үздік басылым мақаласы бойынша жүлделі орын Абай Отарға бұйырды. Үздік телевизиялық материал марапатын Инжу Қабылдинаға жеңіп алса, Салтанат Сәдібекованың еңбегі үздік радиоматериал атанды. Конкурс жеңімпаздары арнайы төсбелгімен және Тұңғыш Президент қорының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Дархан Мыңбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мұндай байқаулар өте қажет деп ойлаймын, өйткені қазір әлемде БАҚ-тың маңызы, алатын орны, қоғамның алдыңғы шебінде жүретін болғандықтан, мұндай байқауларды өткізу маңызды деп білемін. 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан байқау ғой, шындығында сапасы өсіп келе жатыр.


Хабарламаларға жазылу