Алматыда Қаржы агенттігі жалған бір миллион АҚШ долларын өртеп жіберді. Оны айналымға жібермек болған азамат ұсталып, алты жылға сотталды. Қаржы мониторинг агенттігінің хабарлауынша, жалған ақша жасаумен айналысқандар 100 долларлық купюроларды Қазақстан нарығына өткізбек болған. Күдікті 293 мың АҚШ долларын сату кезінде қолға түсті.
Тінту кезінде 1 миллион долларға жуық қаражат тәркіленді. Қап-қап ақшаның қайда жасалғаны әлі анықталған жоқ. Ұзақ уақыт доллар жасаумен айналысқан азаматтың нарыққа қанша мың доллар сатып үлгергені де әлі белгісіз дейді ведомства өкілдері.