Түркістандық қол күресшілер Әлем чемпионатында 25 алтын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық қол күресшілер Әлем чемпионатында 25 алтын иеленді

07.12.2021

Шардаралық армспортшылар Румыния елінің астанасы Бухарест қаласында өткен Әлем чемпионатынан 25 алтын иеленді. Осындай марапатқа ие болған қолкүресшілерді ауылдастары ыстық ықыласпен қарсы алды.

6 күнге созылған байрақты бәсекеге әлемнің 50 мемлекетінен спортшылар қатысты. Сайыста шардаралық қыз-жігіттер жалпы есепте 25 алтын, 2 күміс және 1 қола медальді қоржынға салды. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша «Шардара Армспорт» құрамасы үздік команда деп танылды.

Айнұр Ақбаева


Түркістан қол күресшілер Әлем чемпионаты

Хабарламаларға жазылу