Атырау облысына қарасты Мақат кентінде Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Боздағын күткен ана» деп аталатын ескерткіш ашылды. Бұл туынды II дүниежүзілік соғыста баласынан айырылған Сәнді Деңгелбайқызына қойылды.
Кейуана жалғыз ұлын майданнан 30 жыл бойы сарыла күткен. Алайда хабарсыз кеткен жалғызынан бір дерек ала алмастан, 95 жасында өмірден озыпты. Вокзал алдына орнатылған биіктігі 4 метрлік ескерткіште батысқа көз тастап телмірген ананың бейнесі сомдалған.
Орақ Деңгелбаев, Сәнді Деңгелбайқызының бауыры:
Ол кезде Орынбордан қатынайтын жалғыз жолаушы пойызы болды. Әскери киім киген адамдар болса, қолындағы тәттісін сол солдаттарға таратып, Нәбиім де осылай бір жерде жүрген болар деп айтады екен.