Елордада өзбек киносының күндері өтеді. Шараның салтанатты ашылуы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында болды. Қос елдің өнері мен мәдениетін ұштастырған басқосуға Өзбекстан мен Қазақстанның белгілі кинорежиссерлері мен актерлері қатысты.
Шара аясында кино саласындағы екіжақты әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. «Өзбеккино» басшылығының мәліметінше, өзбек ағайындар қос елдің достығын насихаттайтын «Мирос» және «Абай» фильмдерін түсіруді бастады. Алда тағы екі туындыны жарыққа шығару жоспарланған. Өзбек киносының күндері бас қалада 8 желтоқсанға дейін жалғасады.