Қазақстан орбитасында 6 отандық спутник сәтті ақпарат тартуда. Олардың арасында жерді қашықтықтан зондтауға арналған 3 жерсерік бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлімдеді.
Ел экономикасын алға сүйрейтін бірнеше саланы мониторингілеуге қажетті мәліметтерді беріп отырған Аэроғарыш комитеті биыл ауыл шаруашылығына қажетті 88 млн гектар жерге зерделеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 22 млн гектар суармалы жердің 685 мың гектары дұрыс игерілмей отырғаны анықталды. Ал 1 млн 90 мың гектар жер мүлде кәдеге жаратылмай келген. Сондай-ақ, 46 миллион гектар жайылым жердің 11 млн гектарында мал мүлде жайылмаған болып шықты. Мұндай мәліметтер мемлекеттік деректер базасына күн сайын түсіп отырады.
Өскен Тойшыбеков, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ» Кеңістіктік деректер департаменті директорының орынбасары:
Жылдан жылға ғарыштың мониторингтің нәтижесінде қандай тенденция жүріп жатқанын анықтауға болады. Сол деректердің негізінде мемлекеттік органдар сол тенденцияға қарай жоспарын құрып, алдын алу шараларын жасауға болады.