Әскерилер үшін баспана алу ережесі өзгерді. Енді еңбек өтілі 10 жылдан асқан әскери қызметшілер қызметтік пәтердің қалдық құнын өзі төлеп, жекешелендіре алады. Осы уақытқа дейін мұндай баспананы жұмыс өтілі 20 жылдан асқан азаматтар ғана ала алатын.
Сонымен бірге енді мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған әскери қызметшілер жұмыстан берілген пәтерді өтеусіз алады. Яғни 10 және одан да көп жыл әскери қызмет атқарғандар қалдық құнын төлемей-ақ, үйді жекешелендіреді. Және тұрғын үй жетіспейтін, оны жалға алу мүмкіндігі жоқ гарнизондардағы жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда жылжымалы тұрғын үйлерді орнату жоспарланып отыр. Заң жобасы Парламент қарауында.