«30 жыл 30 есім» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«30 жыл 30 есім» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

06.12.2021

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ел дамуына орасан зор үлес қосқан қазақстандықтар арасында «30 жыл 30 есім» ұлттық байқауының қорытындысын шығарды.

Телевизиялық жүлде соңғы 30 жылда әр салада жетістікке жеткен бірегей тұлғаларға табысталды. Әр аталым бойынша 5 үміткер сарапшылардан құралған арнайы комиссия шешімімен іріктелді. Жалпыхалықтық дауыс беру корпорацияның ресми сайтында өтті. Байқау қорытындысы бойынша еліміздің ғылым, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мәдениет, спорт, кино, дәстүрлі өнер сияқты 10 салада табысты еңбек етіп келе жатқан кәсіби мамандар марапатталды.

Асқар Жұмаділдаев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА академигі:

Халықтың ықыласы деп білдім, халықтың ғылымға деген құрметі деп қабылдадым. Қазақтың ертеңі жарқын болсын, болашағы анық болсын, ғылымға, білімге құмар жастар көбейе берсін!


Хабарламаларға жазылу