Батыс Қазақстанда «Қазпоштаның» қос қызметкері 40 млн теңгені жымқырған. Пошта бөлімшелерінде жұмыс істейтін екі әйел бір кәсіпкердің серіктестік есепшотына аударуға берген ақшасының бір бөлігін, яғни 33 млн теңгесін өздері алып қалған. Сондай-ақ зейнеткерлерді алдап, олардың 7 млн теңгесін жымқырған. Облыстық экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, қызметкерлер ұсталды. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.