Шымкент қаласында асыл тұқымды мал өсіремін деген желеумен мемлекеттен 400 миллион теңге субсидия қаржыны заңсыз алған фермердің ісі әшкере болады. Ол оңай олжа табу үшін 2020-2021 жылдар аралығында асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу жөнінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен жалған келісімшарт жасаған. Ал шындығында ешқандай мал сатып алмаған және оны өсіріп, бағумен айналыспаған. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті демеуқаржының мақсатсыз жұмсалғанын анықтады.
Ғани Қалмаханов