Индонезияның Ява аралында «Семеру» вулканы атқылап, ғимараттарды қиратып, жолдарды зақымдап, 14 адамды мерт қылды. Сонымен қатар, 56 тұрғын жараланған.
Явадағы ең үлкен жанартау сенбі күні аспанға от пен күл шаша бастады. Соның салдарынан жақын маңдағы ауылдарды қалың тозаң басып, жергілікті халық үйлерін тастап кетіп жатыр.
Биіктігі 3600 метрден асатын «Cемеру» - Индонезиядағы 130-ға жуық белсенді вулкандардың бірі. Дегенмен, ол соңғы рет қаңтардан оянғанда, ешкім зардап шекпеген.
Арыстан Рысбек