Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарияланды

06.12.2021

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарияланды. Онда ұлт көшбасшысы отыз жылдық торқалы той қарсаңында тәуелсіздіктен тағылым алу үшін туған халқымен ой бөліскен. Мақалада Тұңғыш Президент еліміздің басты құндылығын атады. Мемлекетіміздің тірегі де, алтын діңгегі де – Қазақстан халқы. «Мен бойымдағы қуат, қызметімдегі тәжірибе, ойымдағы нәр – бәрі-бәрін халқыма қызмет етуге жұмсап келемін» деп жазды. 

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз береке-бірлікке, ынтымаққа, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімге негізделген саясатты жүзеге асырдық. Бұл елімізді үздіксіз өсу мен өркендеуге бастады. Осының қадірін білуіміз керек екенін де Елбасы еске салды.  

Хабарламаларға жазылу