Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында жаңартылатын энергия көздерін дамыту және төмен көміртекті экономика көшу мәселелері қаралды. Үкімет басшысының айтуынша энергетиканы дамыту саласына шетелдік капитал мен озық технологияларды тарту үшін инвестициялық орта жақсартылған. Соның арқасында 2020 жылы жаңартылатын энергетика саласында жалпы қуаты 600 МВт болатын 25 жоба пайдалануға берілді. Алдағы төрт жыл ішінде жалпы қуаты 2400 МВт болатын 60-тан астам жаңа жоба пайдалануға берілмек.
Досжан Маратұлы